2019 жылдың 18 қарашасында «Даналык» колледжінде 2- ЛД-АК тобында химия пәнінің оқытушы Байгалиева Маржан Баяндиновнаның жетекшілігімен «Медицинадағы химия» атты колледжішілік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты:
— Химияның медицинадағы алатын орнын көрсете алу.
— Медицинада жие кездесетін химиялық заттардың қасиеттерін анықтай білуге үйрету.
— Әр түрлі ақпараттардан медицинада химиялық элементтерін ала білу.
— Студентердің ой ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
— Мамандығына деген сүйіспеншіліктерін оята білу.
Конференцияда студенттер Ас тұзы, Ас содасы, Марганцовка, Сутек периоксиді, Формалин, Бор қышқылы, Йод, Этил спирті, Хлор қышқылы, Крахмал, Ғаныш (гипс), Глюкоза, Аспирин тақырыптары бойынша баяндамалар дайындады.