«Медицинадағы компьютерлік технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 19 сәуір  күні «Даналық» колледжінде информатика  пәнінің оқытушысы А.Т. Нургожинаның жетекшілігімен «Медицинадағы компьютерлік технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция барысында 15 баяндама тыңдалды: «Медицинадағы компьютерлік технологиялар: тарихы, маңызы және келешегі», «Роботтар –аурухананың жаңа қызметкерлері», «Медицинадағы 3D графика», «Телемедицина», «3D графика медицина», «Электрондық медициналық жазба (EMR)», «Онлайн-сервис дәрігерлер кеңесі», «Evena Medical Eyes-On — дәрігер үшін «ақылды» көзілдірік», «Фитнес браслеттер», «Биоинформатика» және т.б.

1-СД-В-11 топ студенттері инновациялық компьютерлік технологияларды медицинада қолданылуы туралы сөз қозғады, роботтар мен компьютерлердің медицина қызметкерлеріне қалай көмек көрсететінің жайлы айтып берді.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жинақ құрастырылып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *