2019 жылдың 29 қарашасында информатика пәнінің оқытушысы Асель Талгатбековна Нургожина 2-СД-В тобының студенттерімен «Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК «Жаратылыстану-тарихшылар ғылымы» онкүндігі аясында «Медицинадағы инновациялық технологиялар» атты колледжішілік конференция өткізді.
Конференция мақсаты:
— медициналық информатиканы тереңдетіп оқыту мақсатында белсенді өздігінен білім алуға шақыру.
— медицинада қолданылатын инновациялық технологияларды көрсету.
Конференцияда студенттер: «Биочиптер технологиясы», «Фитнес білезіктер», «Медиктерге көмек сағаты», «Электрондық имплантанттар», «Сіздің денсаулығыңызды қорғаудағы инновациялар», «3D-Биопринтинг», «Медицинадағы Android-ы», «Сандық киім», «Тамақ сканері», «Роботтар көмегімен операциялар» және т.б. тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды.