9.03-13.03.2021 жылдар аралығында колледжде «Фармация» мамандығы апталығы басталды. Апта ішінде дөңгелек үстел, олимпиадалар, интеллектуалды ойын, көрме, байқаулар өткізіледі.
Аптаның ашылуы аясында колледждің әлеуметтік серіктестері Г.А. Аралбаев — «Валента Фармацевтика» ФК, Байбакова А.С — «ТЕВА» ФК, Д.А. Усольцева — ФК «Гриндекс», Аубакирова А.Э.-ФК «AK NIET GROUP ЖШС», Хаджиев М.И. — ФК «БерлинХими» қатысуымен «Медицина және фармацевтика — жетістікке бірге» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Коронавирустық инфекция кезеңінде Қазақстандағы медицина мен фармацевтикалық өнімнің дамуын, проблемалары мен болашақ перспективаларын талқылау.