2019 жылдың 19 желтоқсанында «Даналық» колледжінде Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері мен жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған «Медицина және білім: Инновация. Мәселе. Келешек» атты ІІ қалалық ғылыми — практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға 150 студент қатысты. Сараптау комиссиясы әлеуметтік әріптестер қатарынан құрылды.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Заманауи медицина: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер.
2. Медбикелік іс: даму, мәселелер және перспективалар.
3.Фармация: инновациялар мен өндіріс.
4. Қазақстанның атақты және ұлы дәрігерлері.
5. Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.
6. Тәуелсіздік жылдарындағы білім саласындағы өзгерістер.
7.Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелері.
Конференцияға қатысушылардың барлығына сертификат берілді. Үздік жұмыстар І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы шығарылады.