Медицина және қайырымдылық

2019 жылдың 12 желтоқсанында клиникалық пәндер оқытушылары Злиха Калижаровна Меерманова мен Манаргуль Бейсембаевна Аренова қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде 3-ЛД-БК және 3-ЛД-ВК топ студенттерімен «Жұмыс орнында пациент пен мейірбикенің қауіпсіздігі бойынша жұмыс» тақырыбы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды бекіту үшін практикалық сабақ өткізді.

Студенттер жағдайы ауыр емделушілерді тасымалдау кезінде, емделушілерді тамақтандыруда көмек көрсетті, серуенге шығарды. Қозғалуы төмен емделушілерге төсектер алмастырды және ойықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді. Салауатты тамақтану туралы, қозғалыс белсенділігінің мәні туралы әңгіме өткізді. Барлық рәсімдер пациент пен медицина қызметкерінің жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүргізілді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *