2024 жылдың 11 қараша күні колледждің 1курс студенттері арасында «Медицина. СӨС» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен бірлесе отырып, көңілді және тапқырлар сайысы өткізілді. Сайысқа төмендегі 7 команда қатысты:
1. «Миллионер»
2. «Күлкі вакцинациясы»
3. «Пульс»
4. «Терапия улыбки»
5. «Түтінсіз өмір»
6. «Торнадо»
7. «Люди в белых халатах»
Іс-шараның мақсаты:
• Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
* «Біртұтас тәрбие» бағдарламасында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау;
* Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Сайыс қорытындысы бойынша: Гран-при «Пульс» 1 ЛД-В, 1-орын «Торнадо» 1 СД-БК; 2-орын «Түтінсіз өмір» 1 СД-АК; 3-орын «Күлкі вакцинациясы» 1 ЛД-БК, «Люди в белых халатах» 1 СД-В, «Миллионер» және «Терапия улыбки» командалары сертификатқа иеленді. Колледж директоры Жарқынбай Баймуратович Сарымсақов пен «Құқық» қоғамдық қоры директорының орынбасары, Шунаева Гүлмаржан Есенгалиевна сөз сөйлеп, жеңіске жеткен студенттерді құттықтап, Дипломдармен марапаттады.