14 қаңтардан бастап 23 қаңтарға дейінгі аралықта «Bagdar KZ» жобасының жоспарын жүзеге асыру мақсатында Кайырбек А.Е жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласының 9-11 сынып оқушылары үшін «Ашық есік күндері» өткізілді. Іс-шараға № 40,69,56,76,6,58,2,4,41 мектептерден 200 ден астам оқушы қатысты. Бұл күндері экскурсиялар өткізілді және клиникалық пәндердің оқытушыларының тарапынан шеберлік – сабақтары көрсетілді. Оқушыларға жүрек-өкпе реанимациясының (ЖӨР) және екпе жасаудың барлық түрлерінің бастапқы дағдыларын игеруге мүмкіндіктер туды. Барлық оқушылар экскурсиядан үлкен әсер алды.