2022 жылғы 9 желтоқсанда колледж оқытушылары Карпикбаева Ж.А. Казелова А.Ю. Оразаева П.Б және «Мейірбике ісі» және «Емдеу ісі» мамандықтарының студенттері Астана қаласының «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ұйымдастырған «Онкологиялық қызметтегі мейіргер мамандарының тәжірибесі» атты Халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияның мақсаты: онкология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, пациенттерге мейіргерлік күтім жасау тәжірибесімен алмасу үшін мейіргер мамандарын біріктіру, сондай-ақ онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен ынтымақтастықты бастау.