2024 жылдың 24 қазанында Республика күнін мерекелеу аясында концерттік бағдарлама өткізілді. Концерт қазақтың әдемі биімен басталып, арты тәтті күйге ұласты. Концерт кезінде Білім басқармасының атынан бірқатар студенттер мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды. Әрбір өнерпаздың сахнадағы өнері жүрекке жылу сыйлап, барлығымызды бірлік пен татулыққа үндеді. Концерттің соңында «Мен Қазақпын» әнін барлығы хормен айтты. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен тарихына деген құрметіміздің белгісі. Қазақстанымыздың болашағы жарқын, әрқашан өркендей берсін! 🎶🌟
#РеспубликаКүні #Қазақстан #Тәуелсіздік #Мереке