2018 жылы 16 сәуірде «Нақты және жаратылыстану ғылымдары» аптасы аясында «Информатика» пәні бойынша оқытушысы Нургожина А.Т. «Компьютерлік графиканың түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты: студентті компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру; студенттерді компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы тәжірибелік білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту болды.
Студенттер медицинада қандай суреттер кездесетін айтып берді, олар қай түрге жататынын анықтап, тәжірибелік жұмыстарында графиканың барлық түрлеріне суреттерді салды.
Сабақтың ерекшелігі, студенттер сабақ соңында өз пікірлерін мобильді телефон көмегімен QR code арқылы оқытушының жеке электронды поштасына автоматты түрде жебірілуінде.