2021 жылдың 10 қыркүйегінде «Даналық» колледжінде онлайн режимінде ZOOM платформасында бірінші курс студенттерінің ата-аналарына арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналар колледждің ішкі тәртіп ережелерімен және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен танысты. Жатақхана, ауысымдық аяқ киім, оқу сабақтары және т.б. туралы көптеген сұрақтар болды. Ата-аналар барлық сұрақтарына жауап алды.