Колледж тарихы

«З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ

         «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ  жеке, коммерциялық емес білім беру мекемесі болып табылады. 1998 жылы  Мурзагулова Зоя Галимовна Астана қаласында ең бірінші жеке меншік «Даналық» медицина колледжін ашты.
    Зоя Галимовна Мурзагулова (1934-2016) – Қазақстан Республикасының медбикелік білімнің ардагері және ұйымдастырушысы, ҚР денсаулық сақтау ісінің Үздігі. Ол Республикадағы жеке білімнің негізін қалаушы болып табылады. Колледж құрылтайшылары — Мурзагулова Светлана Витальевна, Мурзагулова Сана Маратовна, Мурзагуловой Дана Маратовна.
    
  Мамандықтар бойынша оқыту «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындасапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласындасапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі берген 25.02.2025 ж. № KZ60LAM00001059  мемлекеттік лицензиясы және оған қосымшалар негізінде жүргізіледі. Алғашқы берілген күні 26.04.2016 ж.
                  2021 жылы колледж  мамандығы 09130100 «Мейіргер ісі» 5AB09130101″Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігіне лицензия алды. «Даналық» колледжі» білім беру мекемесінің мәртебесін «З.М. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» білім беру мекемесі деп өзгертті.
  Колледждің миссиясы-еңбек нарығында бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарды даярлау.
Пайымы-практикалық денсаулық сақтау талаптарына сәйкес келетін кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша аймақтағы жетекші колледж болу.
Сапа саласындағы саясаттың негізгі бағыттары

  • Білім беру қызметінің үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды жаңғыртуды қоса алғанда, ұйым менеджментінің заманауи әдістері негізінде колледжді басқару жүйесін жетілдіру.
  • Басым құндылығы білім беру сапасы болып табылатын колледждің ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау.
  • Қоғамның, ғылым мен техниканың дамуына, сондай-ақ білім беру қызметтерінің ішкі және сыртқы тұтынушыларының өзгеріп отыратын сұраныстары мен үміттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын үздіксіз өзгерту.
  • Оқу нәтижелерін бағалау жүйесін қоса алғанда, оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру, оның ішінде білім беру сапасын тәуелсіз бағалау үшін колледж іске асыратын білім беру бағдарламаларын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жүргізу.
  • Заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде білім беру қызметінің сапасын үнемі жақсарту.
  • Білім беру қызметін оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді тұрақты жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау.
  • Үздіксіз оқыту және оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыру арқылы педагог қызметкерлердің жоғары біліктілігін қамтамасыз ету.
  • Білім сапасын арттыру құралдарының бірі ретінде оқытудың инновациялық және интерактивті әдістерін енгізу бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жандандыру.
  • Барлық қызметкерлерді олардың қызметінің сапасы үшін ынталандыруға және жауапкершілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру.
  • Халықаралық және әлеуметтік серіктестікті дамыту.
  • Дуальді оқыту элементтерін енгізу.
  • Колледж қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

           Колледждің білім беру қызметінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамыту стратегиясын ескере отырып, жұмыс берушілер талап ететін жоғары кәсіби деңгейдегі құзыреттері бар мамандарды даярлау болып табылады.
Колледж мынадай мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:
 09130100 «Мейіргер ісі», біліктілігі
                      3W09130101«Күту ісінің кіші мейіргері»;                                                                                                    4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер»;
                      5AB09130101«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»;
09120100 «Емдеу ісі», біліктілігі 4S09120101 «Фельдшер»;                  
09160100 «Фармация», біліктілігі 4S09160101 «Фармацевт».

             2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті 20.01.2023 жылғы № 46 бұйрығымен мемлекеттік аттестаттаудан өтті. 2024 жылдың ақпан айында «Еуразиялық Аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы»Коммерциялық емес мекемесі арқылы институционалдық аккредиттеу рәсімінен өтті.
           27 жыл ішінде білім беру қызметтері нарығында колледж 7 мыңнан астам маман дайындады. Колледждің барлық түлектері емдеу-профилактикалық мекемелерде орта есеппен 85% — ға жұмысқа орналасады.
        Колледжде екі жеке ғимарат түрінде өз материалдық-техникалық базасы бар.
        Оқу үдерісін жоғары деңгейде өткізу және білікті мамандарды дайындау үшін қажетті құжаттармен, оқу-әдістемелік әдебиеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен және жоғары технологиялық медициналық жабдықпен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар бар. Заманауи медициналық муляждармен, манекендермен, фантомдармен және тренажерлармен жабдықталған симуляциалық зал жұмыс істейді.
       Дәрілік өсімдіктерді зерттеуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге  оқу орнының аумағында дәрілік бау бақша жұмыс істейді.
      Оқу-өндірістік практика Астана қаласының медициналық-профилактикалық мекемелерінде ұйымдастырылған.
        Заманауи әлемдік талаптар деңгейінде колледждің білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтері нарығында Колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында келісімдер мен меморандумдар жасасты:

  • «Қорған базалық медициналық колледжі» мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесімен (МАББМ) (Қорған қаласы, Ресей Федерациясы);
  • «Беларусь дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы» мемлекеттік білім беру мекемесі (Минск қ., Беларусь Республикасы);
  • «Минск мемлекеттік медицина колледжі» ББ (Минск қ., Беларусь Республикасы).
  • ГОУ «Бішкек медициналық колледжі» (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы);
  • «Астана медицина университеті» КЕАҚ;
  • «Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжі» МКК.

           Үнемі іздеп оқыту үрдісіне интерактивті, инновациялық технологиялар, әдістер мен оқыту құралдарын енгізіп кәсіби бағытта қорытынды нәтижені қамтамасыз ететін жоғары білікті медициналық және педагогикалық кадрлар  құрамы жұмыс істейді.
         Колледж орта мамандандырылған білімі бар медицина қызметкерлері үшін үнемі мамаңдыру және біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді.
        Тәрбие үрдісі жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттерге ие, жан-жақты үйлесімді, патриоттық сезімі жоғары дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Дәстүр бойынша, тақырыптық фестивальдар, сайыстар конференциялар, олимпиадалар өткізіліп елеулі күндер атап өтіледі.
         Білім беру қызметінің нарығында жеңіске жетіп оқу-тәрбиелік үрдісінде материалды – техникалық базасын құрып  денсаулық сақтау саласын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету колледждің қорытынды нәтижесі болып табылады.