2022 жылдың 7 сәуірінде Б.Ж. Хатпинаның жетекшілігімен «Дана» командасы «Қорған базалық медициналық колледжі» МБПОУ ұйымдастырған «Дені сау ұрпақ-ел байлығы» атты VIII аймақаралық халықаралық қатысуымен студенттік және педагогикалық бастамалардың форумы аясында өткен «Дем алу-өмір сүру» атты классикалық фитнес-аэробика бойынша халықаралық байқауға қатысты.
6 адамнан тұратын команда: Ақмырзаева С. Нұралы Т., Ботабакова К., Куланова А., Иманбаева А., Курсаубаева М. классикалық (базалық) аэробика элементтерінің кешенін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша біздің «Дана» командасы 2 орынға ие болды.
Жеңімпазддарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!💐💐💐