«Кім жылдам және тез» атты зияткерлік-дамытушылық ойыны

 27.09. 2022 ж.Қазақстан халқының Тілдер айлығы аясында орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы А. Е. Джумашеваның жетекшілігімен «Кім жылдам және тез» атты зияткерлік-дамытушылық ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

* Ойын түрінде студенттерге музыка, кескіндеме, әдебиет және медицинаға деген қызығушылықты ояту.

* Студенттердің шығармашылық дербестігін, тез тапқырлығын және зейінін дамыту.

Зияткерлік-дамытушылық ойын жеті турдан тұрды, I тур-Ширату, II тур – Барлығы туралы, III тур – – Кімнің портреттері?, IV тур – Медицина, V тур – Сен әдебиетті білесің бе?, VI тур – Живопись  туралы, VII тур – Музыка білгірі. Ойын интеллект, білім, тапқырлық, ұжымшылдық сайысына бағытталды. Ойын жақсы атмосферада өтті және барлығын жеңіл позитивпен толтырды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *