2022 жылғы 1 қарашада «Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі» мамандықтарының түлектері Астана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК директоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты, медицина ғылымдарының кандидаты Динара Сатжанқызы Байсеркинамен кездесті. Ол студенттерді Мемлекет басшысы ел халқына Жолдауында жариялаған саяси реформалар бағдарламасымен таныстырды. Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды басымдықтарды түсіндірді. Бұл: білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Студенттер Денсаулық сақтау саласындағы барлық сұрақтарына жауап алды.