2023 жылғы 14 ақпанда колледжде құзыретті мамандарды даярлау кезінде заманауи медициналық және инновациялық технологияларды қолдануда тәжірибе алмасу мақсатында колледж оқытушылары М. А. Шабданова мен Ж. А. Дариева көрсетілім сабақтарын берді.
Аталған іс-шараға колледж оқытушылары мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ТжКБ бөлімінің әдіскері Б. К. Сейдахметова қатысты.
Оқытушылар сабақ өткізу барысында әртүрлі инновациялық технологияларды, оқыту нысандары мен әдістерін қолдану арқылы өздерінің педагогикалық және кәсіби шеберліктерін ашты. Өткізілген барлық сабақтар жоғары бағаланды.