2020 жылдың 12 ақпанында «Даналық» колледжі мен Менеджмент және бизнес колледжі бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласының колледждері: «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС, «Қаржы академиясы» АҚ, «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ, Медициналық-техникалық колледж арасында«Кәсіби шеберлік шыңына» атты жас педагогдардың қалалық байқауынөткізді.
Байқаудын мақсаты: дарынды, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтарды анықтау және қолдау, олардың тәжірибесі мен шеберлігін жинақтау және тарату, педагог мамандығының беделін арттыру.
Байқаудың нәтижесі:
1 орын-Менеджмент және бизнес колледжі;
2 орын-М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;
3 орын- «Даналық» колледжі.