«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Нөлдік төзімділік»профилактикалық әңгіме

23.11.2021 жылы колледжде 1 курс студенттері үшін «Сарыарқа» ауданы ҚПБ ЖПҚБ полиция майоры Г.О. Кежебекова және «Есіл» ауданы ҚПБ ЖПҚБ полиция капитаны Г. К. Ахметова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Нөлдік төзімділік» профилактикалық әңгіме өткізді.

Әңгіме барысында қонақтар студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, оларды білімді, заңға бағынатын және белсенді азаматтар болуға шақырды. Барлық санитарлық нормалар сақталған.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *