15.02.2022 жылы колледжде Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2022-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде полиция капитаны Ж.К. Садвакасова «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріске 1 курс студенттері қатысты.
Дәріс жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Студенттер құқық бұзушылықтың не екенін және оның қылмыстан қалай ерекшеленетінін, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын, кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдар үшін жазаның қандай түрлері мен мөлшері көзделгенін білді.
Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды.