«Гемодинамика» тақырыбында колледжішілік конференция

1.03.2021-06.03.2021 ж. ж. «Даналық» колледжінде «Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер» апталығы өткізіледі. Апта бойы офлайн және онлайн режимінде оқытушылар конференциялар, дөңгелек үстел, ашық сабақтар, олимпиада, симпозиум, викторина өткізеді.

Апталықтың ашылуы аясында оқытушысы Кусаинова Сауле Тургуновна медициналық және биологиялық физика бойынша онлайн режимде «Емдеу ісі» мамандығының үшінші курс студенттері арасында «Гемодинамика»тақырыбында конференция өткізді.

Конференцияда 16 студент баяндама жасады.

Әліби Мұратбек пен Уткурова Ясмин гемодинамиканың мақсаттары, міндеттері мен бөлімдері туралы айтты. Сұйықтықтардың, қанның тұтқырлығы туралы қызықты есептерді А.Симаненкова, Фатима Садыкова, Алена Гайтукеева дайындады. Қан ағымының жылдамдығын өлшеу әдістері туралы Валиев Айдар, Лигаева Мария,Исмаилов Алижан айтып берді. Пигозин Роман, Исимова Аружан, Ширгатова Зарина,Жакеева Анар ағзаның тамырларындағы импульстік толқын мен қан ағымы туралы айтып берді.

Қан қысымы өлшенгендей, аспаптар мен өнертабыстар туралы Амоев Али, Габа Ангелина,Марат Мұхаметжан,Алтынбай Ақнұрдың сөйлеген сөздерінен тыңдау қызықты болды.

Бұл білім болашақта студенттерге пайдалы болады деп сенеміз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *