2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Тіл – бірлік негізі!» тілдер апталығы аясында Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Суксулаева Т.П «Емдеу ісі» мамандығының 2 ЛД-Д тобының студенттеріне «Funny English» зияткерлік ойының өткізді.
Ойынның мақсаты – ағылшын тілін үйренуге деген мотивацияны арттыру және шет (ағылшын) тілін меңгеру үшін қажетті лингвистикалық және сөйлеу құзыреттіліктерін дамыту.
Ойын барысында «Қарлы кесек», «Дене мүшелері», «Симон айтады», «Жеуге жарамды – жеуге болмайды» ойындары өткізілді. Студенттер ағылшын тілін білімдерін, сөздерді шарлау қабілеттерін көрсетті және ағылшын тілін құштарлықпен үйрену мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті.
Зияткерлік ойынның қорытындысы:
1 орын – Стас Парфенов
2 орын – Карина Захарова
3 орын – Орынбай Тұрар