«Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі

22.04.2022 жылы колледж оқытушылары мен студенттері Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара-«Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты, ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді.
Ұйымдастырушы — «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан Қ.). Ресми қолдау: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.
«Eurasian Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
— Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап басып шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін паш ету;
-халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
— кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және дәріптеу, оқырман мәдениетін қалыптастыру;
— оқырмандардың сұранысы бойынша өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін басып шығару мен таратудың перспективалық міндеттерін анықтау;;
— әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;
— баспалардың, авторлардың, мәдениет және білім беру мекемелерінің, кітап сатушы ұйымдардың, полиграфиялық компаниялардың және кітап саласының басқа да субъектілерінің ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту мақсатында әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесін зерделеу.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *