17.02.2020 жылы колледждің 1 курс қыздары арасында оқытушы Бисембаева Айман Карбузовнаның жетекшілігімен жеке жұмыс жоспарына сәйкес, жоғарғы курс студенттері «Ерте жүктіліктің алдын алу» дәрісін өткізді. Дәрістің мақсаты — жасөспірімдерде ерте жүктілік, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту мәселелері туралы ақпараттандыру. Талқыланған сұрақтар: Ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктіліктің қауіптілігі қандай? Ерте жүктіліктің алдын-алудың шаралары қандай? Ерте жүктілік — не істеу керек? Ерте жүктіліктің нәтижесі, сіздің таңдауыңыз. Дәріс мазмұнды және ең бастысы пайдалы болды. Ерте жүктілік тақырыбы өте өзекті, сондықтан оның алдын алу үшін бәрін жасау керек. Қыздар қызықтырған сұрақтарына жауап алды, сонымен қатар көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.