«Емдеу ісі» мамандығы апталығының жабылуы

2023 жылдың 23 ақпанында колледжде 20-24 ақпан аралығында өткен «Емдеу ісі» мамандығы апталығының жабылуы өтті. Жабылу салтанатында «Клиникалық пәндер» ЦӘК төрайымы Ж. А. Карпикбаева жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарға Дипломдар, Сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті. Аптаға жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Оқытушылар сайыстар, олимпиадалар, викториналар, конференциялар, мастер-кластар, оқыту семинар-тренингтері және кәсіби байқаулар өткізді. Колледждің 1-4 курс студенттері әр пән бойынша өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының нәтижелерін көрсете алды. Апта ішінде ұйымдастырылған әрбір іс-шара студенттердің өз кәсібіне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, олардың жауапкершілігін арттырды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *