«Емдеу іс» мамандығы апталығының салтанатты ашылуы

2019 жылдың 11 наурызында «Жастар таңдауы» бастамалық ұранымен «Емдеу іс» мамандығының апталығы салтанатты түрдегі ашылуы өткізілді. Бөлім меңгерушісі Баранбаева Назым Қаирбайқызы жоспарланған іс –шаралардың бағдарламаларымен таныстырды, сонымен қатар студенттердің мамандық бойынша ілімдік және тәжірибелік білімді тереңдете түсу, олардың жеке қасиеттері мен қабілеттерін анықтау және дамыту мақсатында бұл аптаның «Жастар жылына» орайластырылып өткізілетіндігін атап өтті.

«Емдеу ісі» мамандығының меңгеруші Н.К.Баранбаева және Сапарбаев Раббани (3-ЛД-Вк), Асылбек Арман (2-ЛД-ВК),Сагидуллаева Ақерке (2-ЛД-БК) бірлесіп видеороликтер дайындап, көрсетті:

— «Білім саласындағы педагогикалық идеялар және инновация» атты жас педагогтарға арналған, қалалық байқауға қатысқан команда «Колледж өмірінен бір күн»-видеоролигімен I орынға ие болды;

— 2-ЛД-ВК тобының студенті Сагидуллаева Ақерке «Анатомия білімі-медицина білігі» атты видеоролик дайындап, «Үздік анатом-2019» қалалық байқауына қатысып, II орынға ие болды.

2-ЛД-АК тобының студенттері «Біз салауатты өмір салты үшін» атты көрінісі арқылы және флешмоб биімен қалалық акцияда жалпы командалық есеп бойынша II орынға ие болды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *