«Ең үздік медициналық жедел жәрдем бригадасы» атты қалалық зияткерлік сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз

2019 жылдың 29 наурызында «Даналық» колледжінің студенттері Диар Жакижанов пен Бибіжамал Жанат «Шипагер» медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Емдеу ісі» мамандығының 4 курс студенттері арасында өткен «Ең үздік медициналық жедел жәрдем бригадасы» атты қалалық зияткерлік сайысына қатысты. Сайыс жұмыстарының негізгі бағалау өлшемдері: белгіленген уақыт ішінде және еңбекті қорғау талаптарын сақтай отырып практикалық тапсырмаларды сапалы орындалуы және теориялық білімдерінің бағалануы. Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер 1-орынға ие болды.

Диар мен Бибіжамалды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және барлық бастамаларда табыс тілейміз!

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *