2023 жылғы 16 ақпанда 1-2 курс студенттері үшін Астана қаласы әкімдігінің «Діндерді зерттеу орталығының» қызметкерлері Марлен Айдарқұл мен Олег Витальевич Синяков «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: жастар арасында діни сауаттылықты арттыру. Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.