08.04.2021 жылы колледж қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Ұйымдастырушы: Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы.
Кездесу барысында дін саласындағы заңнама, деструктивті діни ағымдардың қызметінен сақтану шаралары түсіндіріліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.