2022 жылғы 16 ақпанда Советов Темирлан, Рыстин Олжас Нұр-Сұлтан қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2022-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Діни экстремизм мен терроризм Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер ретінде» тақырыбында кездесу-дәріс өткізді.
Мақсаты: терроризм мен экстремизм, оның алдын алу туралы түсінік беру.
Іс-шара барысында «Деструктивті діни ағымды жақтаушылардың психологиялық өзгерістері» тақырыбында бейнематериал көрсетілді.
Советов Темирлан экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттары мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ студенттерді Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизмге қарсы күрес туралы» және терроризмге қарсы жұмыс туралы Заңдарымен таныстырды.