2026 жылдың 4 ақпан күні «Qamqor-Astana» ҚҚ-ның ақпараттық-түсіндіру тобының дінтанушы – лекторы, Дәрібай Мұратбек «Мейіргер ісі» мамандықтарының 2,3-курс студенттеріне «Діни экстремизм мен терроримнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің мәні мен қауіптілігін түсіндіру, радикалды діни ағымдардың белгілерін ажырата білуге үйрету, деструктивті идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және зайырлы қоғам құндылықтарын насихаттау.

