2024 жылдың 1 қазанында колледждің «Денсаулықты нығайту» пәнінің оқытушысы Ж.С. Ахметова 4-СД-АК тобымен бірге сабақты Ботаникалық саябақта өткізді. Сабақ барысында студенттерге қоғамдық денсаулықты жақсартуды өздерінен бастау керектігі туралы айтылып, денсаулықты нығайту тәсілдері мен салауатты өмір салтын науқастарға үйрету жолдары көрсетілді.