2019 жылдың 28 ақпанында «Даналық» колледжінде 1 СД — В тобының жетекшісі Нургожина Асель Талгатбековнаның басшылығымен «Денсаулық сақтауда: қазіргі заманғы технологиялар, роботтар, компьютерлер» атты колледжішілік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты:
- Медицинадағы инновациялық ақпараттық технологиямен танысу;
- Студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту;
- Аудиториямен әңгімелесу және сауатты сөйлеу қабілеті.
Студенттер медицинадағы роботтар, дәрігерлерге көмектесу үшін фитнес білезіктері, денсаулықты қорғауға арналған гаджеттер, қалтаңыздағы дәрігер: денсаулығының сақталуы, биоинформатика, болашақ ғылымы деген баяндамаларды оқыды.