2019 жылдың 6 желтоқсанында оқытушы Злиха Калижаровна Меерманованың жетекшілігімен «Денсаулық формуласы» үйірмесінің отырысы өтті. Үйірме отырысына Ұлттық ғылыми медицина орталығының мейірбике ісінің меңгерушісі Жумабек Аманжолович Ибраев, оқытушылар Райхан Турсынгалиевна Елеуова және Манаргуль Бейсембаевна шақырылды.
Ж.А. Ибраев оқытушылар мен студенттермен «Денсаулық сақтаудағы коммуникативтік дағдылардың маңызы» атты практикалық семинар-тренинг өткізді.
Тренинг «Эмоцияны басқару», «Науқастың проблемаларын анықтау және шешім қабылдау» рөлдік ойындар түрінде өтті.
Сонында «Мейірімділік және медицина» атты презентациясы көрсетілді.