2022 жылдың 5 сәуірінде колледж оқытушылары мен студенттері «Қорған базалық медициналық колледжі» МБПОУ ұйымдастырған «Дені сау ұрпақ-ел байлығы» атты студенттік және педагогикалық бастамалар Форумы аясында өткізілген «Денсаулық біздің қолымызда» атты оқу — зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауна қатысты.
Форумның мақсаты: білім алушылардың оқу-зерттеу жетістіктерінің нәтижелерін ұсыну және тарату, зияткерлік қабілеттерін ашуға жәрдемдесу, білім беру кеңістігінде түрлі әдістемелер мен педагогикалық технологияларды пайдалану бойынша тиімді тәжірибе алмасуға ықпал ету.
Байқау нәтижелері:
— Алпысбай Дильназ -2 орын, ғылыми жетекшісі Джумашева А. Е.;
— Опаландер Кристина-3 орын, ғылыми жетекшісі Меерманова З. К.;
— Цечоева Амина-әлеуметтік бағыттылығы үшін Диплом, ғылыми жетекшісі Хатпина Б. Ж.
Барлық жетекшілер алғыс хаттармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!