2019 жылдың 15 мамырында «Даналық» колледжінің студенттері «Тұлпар» сауда кешенінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» науқанына қатысты. Ұйымдастырушылар СӨСҚ орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және міндетті медициналық сақтандыру қоры. Колледж студенттері флешмоб билеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру брошюраларын суда кешеніне келген адамдарға таратты.