«Даналық» колледжіне 20 жыл!

2018 жылдың 27 сәуірі күні колледждің 20 жылдығына орай колледжде кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесу кешіне колледжді әр жылдары бітірген түлектер келді.  Колледж фойесінде мерекелік  пресс-стенд безендірілді, сонымен қатар конференциялық залда мерекеге арнайы жасақталды. 

Колледж кіреберісінде түлектерді тіркеу ұйымдастырылды. Мерекелік салтанатты іс-шараның басталу уақыты 14.00 — ге белгіленгенімен, көптеген түлектер өздерінің көп уақыттан бері көрмеген оқытушыларын, бірге оқыған достарын көру ниетімен ерте келе бастады.  Тіркеу аяқталған соң қонақтар конференциялық залға өтіп, зал әп-сәтте лық толды. Барлығы орындарына жайғасқаннан кейін түлектердің кездесу кешінің ашылу салтанаты басталды. 

Қонақтарға колледж туралы фильм көрсетілді, онда олардың кезіндегі және қазіргі колледждегі студенттік өмір кадрлары алмасып жатты.  Әртүрлі жылдардың түлектерін колледж директоры С.Мурзагулова алғысөзбен қарсы алды. Колледж директоры олардың өз колледждерін ұмытпағандықтарына ырзашылық танытып, кешті көңілді өткізуге және өзара жүрекке жылы  естеліктерімен бөлісуге тілектестік білдірді. Өз алғысөзін Светлана Витальевна, «Сіздер үшін колледж есіктері әрқашан ашық!» — деп аяқтады. Кездесуде педагогикалық қызметтің ардагерлері құттықтау сөздерін айтты және бүгінгі күні, бұл мерекеде бізбен бірге болуға жазбаған жандарды еске алды.  Колледжге деген сағыныш тағы бір мәрте өз жастық шақтарымен, оқытушыларымен, бір курста оқыған достарымен кездесуді тілеген барлық адамдарды тоғыстырды.  Сезімдердің арнасынан асып төгілуі кейбіреулердің жүзіне қуаныш, күлкі ұялатса, енді біреулер көз жастарына ерік берді.  Ең бастысы – бейқам, селқос жүргендер болған жоқ.  Әрине колледж бұл түлектердің көпшілігі үшін  сындарлы үлкен өмірге  жолдама берген киелі шаңырақ болды.

Барлығы мүлтіксіз өтті, ең бастысы шырайлы да, достық көңіл-күйде болды.  Келген қонақтар тілектерге арналған альбомда өз жазбаларын қалдырды.  

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *