22 қараша 2018 жылы Астана қаласының 9 және 11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті. Бұл іс-шараға №40 және №41 мектептерден 60-тан астам оқушылар қатысты. Бұл күні мектеп оқушыларына симуляциялық орталық бойынша экскурсия өткізіліп, оқушыларға жүрек-өкпе реанимациясы мен инъекцияның барлық түрлерінің негізгі дағдыларын меңгеруге мүмкіндік болды. Барлық оқушылар экскурсияға өте риза және колледжге мүмкіндігінше жиірек келуге тілек білдірді.
Медицина мамандығын таңдауды жоспарлап отырған балалар ерекше қызығушылық танытты. Оқушылар колледж жайында көптеген жаңа қызықты мәліметтер білді.
Біз білім алуды басты мақсатқа қоятын барлық үміткерлерге әрдайым есігімізді ашуға дайынбыз. Егер белгілі жағдайларға байланысты бұл күнді өткізіп алсаңыздар, онда әр бейсенбі сайын 14.00-ден 17.00-ге дейін колледжімізде «Ашық есік күні» деп жариялаймыз.