2019 жылдың 28 қарашасында эдвайзер Индира Узбековна Нургалиева «Мейірбике ісі» мамандығының студенттерімен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жастар арасында АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу, студенттердің арасында АИТВ/ЖИТС маңыздылығы мен олардың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілік туралы түсінігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихатту, АИТВ жұқтырғандарға қатысты төзімділікке тәрбиелеу.