Жыл сайын 10 қыркүйекте Дүниежүзілік аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу күні атап өтіледі. 20 жыл ішінде әлемдегі аутодеструктивті мінез-құлық саны үштен бірге азайды, бірақ олар әлемдегі өлімнің басты себептерінің бірі болып қала береді.
Аутодеструктивті мінез-құлық жыл сайын АИТВ, безгек және қатерлі ісіктен гөрі көп адамның өмірін алып кетеді, деп хабарлайды БҰҰ. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудың Дүниежүзілік күнін өткізудің жаһандық мақсаты көптеген министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті атқарушы және өкімдік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, діни конфессиялардың күш-жігерін біріктіретін, халықтың аутодеструктивтік мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру арқылы барлық елдерде халықтың арасында аутодеструктивті мінез-құлық пен әрекет деңгейін төмендету болып табылады. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, оны жүзеге асыру тек интеграция кезінде мүмкін болады.