2019 жылдың 9,10 қазанында «Даналық» колледжінің оқытушылары Erasmus+жобасы аясында ұйымдастырылған «Content and Language Integrated Learning» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды Лейден, Нидерланд университетінің Педагогика Жоғары Мектебі Жоғары Білім Департаментінің білім беру мәселелері бойынша топ жетекшісі D.M. (Daan) Romein MSc және Лейден университетінде білім беру мәселелері бойынша аға кеңесшісі Henk Frencken жүргізді.
Семинар студенттерге пән арқылы тілдік құзыреттілікті дамытуға және мәдениетаралық білімді тіл арқылы кеңейтуге мүмкіндік беретін пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды қолдануға бағытталған