2018 жылы 15 наурыз күні Астана қ. әкімшілігінің «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КММ-сінде «Ак жол» жобасы аясында оқытушы Байгалиеваның М.Б. жетекшілігімен «Даналық» колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының студенттері әзірлеген, адамдар арасындағы қарым-қатынастар туралы «Буратинаның басынан кешкен хикаялары» атты тренинг- ойын өткізді. Тренинг-ойынның мақсаты кейіпкерлердің мінез-құлқын олардың іс әрекеттері арқылы анықтау, кейіпкерлердің көңіл күйлерін түсіне білу, ойын іс –қимылдары арқылы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, дос бола білуге, қол ұшын созуға даяр болуға, өзара қарым-қатынасқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, бала санасына кітапқа қызығушылықты, кітап оқуға деген құштарлықты сіңіру болды.