2018 жылдың 27 наурызында «Даналық» колледжінде экология пәнінің оқытушысы А.К. Мантугелова «Фармация» мамандығының апталығы аясында 2 ФМ-АК және 1 ФМ-БК топтарының студенттері арасында «Экологиялық калейдоскоп» атты брейн-ринг сайысын өткізді.
Бұл сайыстың мақсаты:
-Дәстүрлі және инновациялық әдістер мен дидактикалық тәсілдерді қолдана отырып, студенттердің білім деңгейіндегі бәсекелестік қабілетін жоғарылату;
-Студенттердің алған білімдерін қолдана білуге үйрету; экология ғылымының қолданысы мен маңызын, қажеттілігін түсіндіру;
-Студенттердің экология пәніне деген қызығушылығын оята отырып, олардың сана-сезімдерін жетілдіріп, білім дәрежесін жоғарылату.
Сайыс бес кезеңнен тұрды:
I-кезең: «Таныстыру, эмблема қорғау».
II-кезең: «Бәйге».
ІІІ-кезең: «Блиц тур»
IV-кезең: «Ойлан тап»
V-кезең: «Жұмбақтар шешу»
Сайыста студенттер өздерінің білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша 2-ФМ-АК тобы жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталды.