2018 жылдың 14 қыркүйекінде экологиялық тәрбиені қалыптасыру мақсатында «Даналык» колледжінің студенттері Ботаникалық саябаққа барды. Студенттер басты нысандарды аралап шықты: жылыжай, ескерткіш, жарық және музыка субұрқағын тамашалады.
Ботаникалық саябақтың жалпы ауданы 87,9 гектарды құрайды, оның 43,2 гектары — ботаникалық бақ, 44,7 гектар саябақ аймағы. Бақшаның аумағында 11 шақырым велосипед жолдары және 10,5 шақырымдық жүгіру жолы бар. Жаяу көпірі арқылы жасанды су қоймасынан өтеді. Бақшада 89648 ағаш және бұталар, 606 коллекциялық өсімдіктер отырғызылды.