2022 жылдың 01 шілдесінде «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің мамандғы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер, мамандғы «Емдеу ісі», біліктілігі «Фельдшер» түлектеріне арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.
Іс-шараның мақсаты: әлеуметтік серіктестікті дамыту, бос жұмыс орындарын ұсынуға жұмыс берушілерді кеңінен тарту, жұмысқа орналасқысы келетін түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу .
Бос орындар жәрмеңкесіне 13 емдеу-сауықтыру мекемелерінің өкілдері келді. Іс-шара іскерлік және достық атмосферада өтті. Медициналық ұйымдардың өкілдері білім алушыларға емдеу-сауықтыру мекемесінің мүмкіндіктері туралы, бос жұмыс орындары, жас мамандар үшін қолданыстағы жеңілдіктер туралы айтып, еңбек жағдайлары, кәсіби талаптар туралы хабардар етті.