2019 жылдың 5 наурызы күні жастар жылына орай оқытушы Тұрлыбекова К.Д. жетекшілігімен «Болашақ-білімді жастардың қолында» тақырыбымен дөңгелек стол өткізілді.
Мақсаты: дөңгелек столға қатысушылардың бойында азаматтық жауапкершілік, ел алдындағы азаматтық парызыды т үсіне білу, Отан мүддесі үшін қызмет етуге дайын болу және қабілеттілік сезімдерін қалыптастыру.
Іс-шарада жастар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында қабылданған бағдарламалармен танысып, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар студенттер жастар жылына арнаған тақпақтарын айтып, «Самға» әнін орындады. Іс-шара соңында «Жаңа ұрпақ» атты флэшмоб биледі.