Референдумды түсіндіру жөніндегі ақпараттық сағат

17.05.2022 жылы «Ұлы дала» клубының жетекшісі, тарих пәнінің оқытушысы Жақсылықова Гүлизат Ермаханқызы қызметкерлер мен студенттерге референдумды түсіндіру бойынша ақпараттық сағат өткізді. Гүлизат Ермаханқызы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен түзетулерді түсіндіріп, Президенттің өкілеттігі және билік тармақтары арасында теңгерім құру туралы айтып берді.

Қолданыстағы саяси модельді жүйелі трансформациялау шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізіледі. Бұл түзетулерді талқылау үшін, ал олардың саны 33, Президент Қ. Тоқаевтың бастамасы бойынша 5 маусымда референдум өткізілетін болады. Бұл соңғы 27 жылдағы алғашқы жалпыхалықтық референдум және бұдан былай қазақстандықтардың мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша дауыс беруге тікелей қатысуының көрсеткіші.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *