«Жер күнсіз, адам бақытсыз өмір сүрме алмайды» – дейді халақ даналығы.
Есейген соң балалық шағын еске алатындай, балалардың бақытты балалық шағы болуы тиіс.
2022 жылдың 31 мамыры Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1-СД-БК тобы мен топ жетекшісі Джумашева А.Е. «Біз, бақытты балалық шақ үшін!» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді.
Міндеттері: студенттерге балалық шаққа ойша оралуға және оны тұлғаның одан әрі дамуының ең үлкен құндылығы ретінде сезінуге көмектесу;
— өзін-өзі тану және басқа адамдардың ішкі әлемін түсіну қабілетін дамытуға ықпал ету.
Кураторлық сағатта студенттер мерекенің тарихы туралы әңгімеледі, ойындар ойналды, онда қатысушы кейіпкерлердің сипаттамасына сәйкес мультфильмнің атын болжап, атау керек болды. Өлеңдер мен әндер дайындалды.
Студенттер балалық және жастық шақтағы фотосуреттермен бейне сюжетті дайындады.
Бұл топ сағатының тәрбиелік мәні зор, тартымды өтті.