2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» фестивалі өткізілді. Фестиваль мақсаты: Қазақстан этностарын біріктіру арқылы қазақстандық патриотизмді, азаматтық және рухани-мәдени қауымдастықты тәрбиелеу. Студенттер барлық халықтардың тарихи-мәдени дәстүрлерін, тұрмыстарын, этникалық ерекшеліктерін көрсетті.