2018 жылдың 26 қазаны күні «Даналық» колледжінің 1 курс студенттері Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткізілген ұраны —«Салауатты өмір сүру – бұл стильді, немесе өмір-өмір сүруге тұрарлық!», «Бір бағыт соңына саяхат – шок – сабағына» қатысты. Осындай ұранмен адамгершілікке баулу немесе зиянды әдеттердің денсаулыққа зиянды әсерлері туралы және жас буынның адамгершілік деңгейі туралы шок сабақ өткізілді.
Студенттер «Сенің зиянды әдеттерің қайсысы?» тақырыбындағы әлеуметтік сауалдың нәтижелерімен танысып, «Сізге зиянды әдеттерден арылу оңай болама?» атты тестік сұрақтарға жауап берді, зиянды құмарлықтың пайда болу себептері туралы және олардан қалай арылу мүмкін екендігі туралы ойларымен бөлісті.
Студенттер «Тәуелділіктің құны — өмір» кітап көрмесімен, «Байқап та көрме!» (жастар есіркіге қарсы) плакаттар көрмесімен танысты, «Сен сенімдісіңбе?», «Алкогольдің зияны, іштей көзқарас» бейнебаяндарын көрді.
Іс-шараның басты мақсаты зиянды әдеттерге қарсы тұру дағдыларына үйрету, жастарды салауатты өмір салтына ұмтылуға, өз болашақтарына мұқият болуға тәрбиелеу болды.
Іс –шараның негізгі міндеті – қатысушыларды «Салауатты өмір сүру – стильді, жарасымды, саналы!» болатындығына сендіру және дұрыс таңдау жасауға шақыру.